Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиямен 2018 жылғы 6 желтоқсанда мақұлданған «Қазақ тілінің жаңа емлесінің» анықтамалығы

 

Мазмұны

Алғы сөз

І тарау. Әріптер емлесі

ІІ тарау. Түбір сөздер емлесі. Қосымшалардың жалғануы

ІІІ тарау. Бөлек жазылатын сөздер емлесі

ІV тарау. Бірге жазылатын сөздер емлесі

V тарау. Дефиспен жазылатын сөздер емлесі

VІ тарау. Бас әріп емлесі. Қосымшалардың жалғануы

VІІ тарау. Қысқарған сөздер емлесі

VІІІ тарау. Шеттілдік сөздер емлесі

ІХ тарау. Бөлек жазылатын сөздер емлесі

 

 

«Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сəйкес бекітілген жаңа əліпби бойынша əзірленді.

Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (бұдан әрі - Ереже) – латын графикасындағы қазақ əліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латын негізді жаңа əліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мəдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады.

Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты:

- тілдің жалғамалылығы;

- тілдің ықшамдалуы;

- тіл дыбыстарының үндестігі;

-дауыссыздардың бір-бірі мен үйлесімділігі т.б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.

Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне жəне кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дəстүрлі жəне фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принципте қолданылды.

Ережеде:

-латын негізді əліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мəнін білдіретін əріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;

-сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сəйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;

-қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара əріппен (у, и əріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;

-қазақтың əдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді;

- латын негізді жаңа əліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ əріптерінің жазылу баламасы берілді;

-бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тəртібі көрсетілді;

- шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;

- біріккен, кіріккен, тіркесті жəне қос сөздердің емлесі, сондай-ақ бас əріппен жазылатын атаулардың жазылуы мен тасымалдың тəртібі көрсетілді. Ереже түзуде ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сəйкес болуы, дəстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы, техникалықжақтан қолдануға оңтайлы, жинақы болуы,халық тілінің дыбыстық қор əлеуетінің кеңірекқамтылуы, жаһандану үрдісінде жазу-сызудыңұлттық сипатының сақталуы ерекше назарғаалынды. Сонымен бірге бұған дейінгі жазутəжірибесі, тұрақталған нормалары, латыннегіздіəліпбиді қолданған жəне қолдана бастағантүркітектес халықтардың емле тəжірибелеріескерілді.

Аталмыш Ереженің бастапқы нұсқасын түзу жұмысы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында атқарылды. Институт əзірлеген Ереже жобасы Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жəне Əдістемелік жұмыс топтарының бірлескен ғылыми-практикалық семинар-кеңестеріндебірнеше мəрте қаралып, талқылаудан өткізілді. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы еліміздің бірқатар өңір лерінде ересектер, оқушылар, сондай-ақ оқытушы-филологтар арасында сынама-сауалнама арқылы тексеруден, республикадағы ЖОО-ның оқытушылары мен тілтанушы мамандарының тəуелсіз сарапта ма сынан өткізіп, Ережеге соңғы редакциялау жұмыстарын жасап, көпшілік назарына ұсынып отыр. Қазақ емлесіндегі тың өзгерістер, жаңа қағидалар жəне олардың ғылыми негіздемесі ортологиялық құралдарда жан жақты қамтылады. Ереже латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық қазақ əліпбиі бойынша Орфографиялық, Орфоэпиялық,Шеттілдік сөздер сөздіктері, Емлесі қиын сөздерсөздігі, Анықтағыштар мен Нұсқаулықтар, басқа даəдістемелік құралдар түзу мен жасауда, мамандардаярлауда ғылыминормативтік тірек ретіндеалынатын басты құжат болып саналады.

Анықтауыштық қатынас – зат пен құбылыстың атауы болатын есім сөз тіркестері сыңарларының арасындағы алдыңғысы анықтайтын, соңғысы анықталатын қатынас.

Атауыштық тіркес – сыңарлар арасындағы байланысы тұрақты, зат пен құбылысты тура мағынада атайтын, бөлек жазылатын күрделі сөз.

Ашық дауысты – жақтың кең ашылуы арқылы, тек үннің қатысымен жасалатын дыбыс.

Əріп – дыбыстың əліпбидегі графикалық таңбасы.

Біріккен сөз – бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана зат пен құбылыстың атауы болатын, бірге жазылатын күрделі сөз.

Дыбыс – айтылымдағы ең кіші тілдік бірлік.

Емле – жазу нормаларын қалыптандыратынережелер жиынтығы, орфография.

Идиомалық тіркес – дайын күйінде қолданылып, бір ұғымды білдіретін, тұтас мағынасы құрамындағы бірліктердің əрқайсысының мағынасынасəйкеспейтін тұрақты тіркестің түрі.

Көмекші есімдер – зат есімдерге тіркесіп,заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарынбілдіретін сөздер.

Күрделi сөз – сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынас жойылып, тұтасқан бірлік ретінде бірмағынаны білдіретін, бір ғана морфологиялық,синтаксистiк қызмет атқаратын, біріккен, кіріккен,қос сөз жəне атауыштық тіркес түріндегі сөздер.

Күрделі етістік – екі немесе одан да көп сөздерден жасалып, күрделі қимыл-əрекетті атайтын,бөлек жазылатын сөздер.

Кірме сөз – қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары бойынша игеріліп жазылатын өзге тілдененген сөз.

Кіріккен сөз – екі не одан да көп сөзден бірігіп,сыңар жігіндегі дыбыстар үндесіп, үйлесе өзгеріскеұшыраған, құрамы сіңісіп кеткен сөздер.

Қос сөз – бір сөздің қайталануынан не сөздердіңқосарлануынан жасалған, дефиспен жазылатынкүрделі сөз.

Қосымша – сөз мағынасын өзгертетін, түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратынграмматикалық бірлік.

Қысқарған сөз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.

Лексикаланған тіркес – фразеологиялық мағына сынан қол үзген, синтаксистік қатынас көмескіленген, жеке сөз орнына жүретін лексикалықбірлік.

Морфологиялық принцип – жеке сөздің жəнекүрделі сөз сыңарларының түбір тұлғасы сақталыпжазылатын емле ұстанымы.

Тəуелдік жалғау – бір заттың басқа затқанемесе біреуге тəуелді, меншікті екенін білдіретінқосымша.

Түбір сөз – сөздің əрі қарай бөлшектеугекелмей тін, мағыналынегізгі бөлігі.

Тіл үндестігі – қазақ тіліндегі бірінші буынныңүндесіміне қарай сөздердің бірыңғай жуан, небірыңғай жіңішке айтылатын негізгі дыбыстықзаңдылығы.

Фонема – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына жəне форма жағынан ажырататынтілдің дыбыстық жүйесіндегі негізгі типтік бірлік.

Фонематикалық принцип – фонеманың негізгіреңкі сақталып жазылатын емле ұстанымы.

Шеттілдік сөз – жазба тұрпаты түпнұсқасынан үлкен айырмасы болмайтын өзге тілден енген сөз.

 

ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

І ТАРАУ

ӘРІПТЕР ЕМЛЕСІ

 

Дауысты дыбыс əріптерінің емлесі

Дауысты дыбыстарды таңбалайтын əріптер: a,á , о, о́, у, і, u, ú , е.

§1. а, е, у, і əріптері сөздердің барлық буынында жазылады: ana, baqyt, shag ala, balapan, bota,bolashaq; еlik, egemendik, elgezek, qurmet, kó rkem;yrys, mysal, jań g’ yrý , baqsy, jaqsy; irgeli,irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.

§2. а́, о, о́, u, ú əріптері төл сөздің басында жазылады: ádis, álem, sán, dán, mádenıet, báıterek;ozyq, ońtaıly, qog’am, torsyq; óris, ómirsheń , kósem,bórik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe,túbegeıli. Кірме, шеттілдік сөздердің екінші, үшінші буынында да жазылады: sirá , kiná , kýá , ińkár, kúmán,shúbá , zámzám, dúdámal; bulbul, mag’lumat, samuryq,májbúr, dúldú l, dástúr, manóvr, montór, parashút,absalút, festıvál, kоbált, banknot, alkogól, vestıbúl.j, sh мен ı əріптерінің ортасында келген адыбысы жіңішке айтылғанымен, а əрпі жазылады: jaı, jaılaý , jaıly, shaı, shaılyq.

Дауыссыз дыбыс əріптерінің емлесі.

Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын əріптер: b,d, f, g, g’, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.

§3. b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch жəне ı, ý (§6-ны қараңыз) əріптері сөздің басында,ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kóbelek, arab;gúl, kógal, pedagog; dáýlet, bag’dar, asteroıd; fılosofıa,múftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tarıh; jospar, ereje,muqtaj; kúmis, shekpen, berik; lebiz, alash, táýekel;máńgilik, qaımaq, g’alym; namys, kóne, dastarqan;parasat, kópir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq;ras, ertegi, ómir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıg’at, qatal,sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz;shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch;ıá , qaıyń, saı; ýaqyt, áleýmet, taý . Ashshy, tushshy,keshshe сөздерінде екі sh əрпі қатар жазылады.

§4. g’ əрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады: g’arysh, ag’ash, samg’a.

§5. ń əрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mórtańba,eńbek, tańerteń , meń, zań .

ı, ý əріптерінің емлесі

§6. ı, ý əріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, ıag’nı, qoıan, saıa, ıod, faıl, aıkıdo, mezozoı, ýag’yz, ýaqyt, , sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana.

§7. уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı əрпімен жазылады: ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt.

Е с к е р т у. Қосар уı (ый) əріптері тек sуı (сый), tуı (тый) түбірлерінен жасалған сөздерде жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý ; tуıym, tуıylý , tуıý . ıy, ıi əріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й) жұрнағы жалғанғанда, екі ı əрпі қатар жазылады: baıy – baııdy, keıi – keııdi.

§8. uý ( ұу), ú ý ( үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý ə рпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý;týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý , sý , jazý , kelý , barý .

§9. ю əрпі ıý əріп тіркесі түрінде жазылады: aıý , baıý , oıý , jaıý , súıý .

Е с к е р т у. ı əрпінен кейін тұрған ю əрпінің орнына ý жазылады: qıý , jıý .

§10. я əрпі ıa əріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıag’ nı, saıa.

Е с к е р т у. и (ı) əрпінен кейін тұрған я əрпінің орнына а жазылады: qıar, sıa, jarıa.

 

ІІ ТАРАУ.

Түбір сөздер емлесі. Қосымшалардың жалғануы

 

Түбір сөздер емлесі

Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.

§11. Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosag’a, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem. Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндестігі сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, mug’alim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.

§12. Сөздердің жəне күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kókoramal (kógoramal емес), aqala (ag’ala емес), aqaıý (ag’aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsaıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес), kúnkóris, kúnbag’ys, shekara, qyrkúıek, kókónis.

 

Қосымшалардың жалғануы

§13. Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń ,baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-si, teń iz-shi-ler;kitap-tyń, qudiret-ke, mug’alim-niń ; kógal-g’a, kógoraı-g’a.

§14. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса,қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen;táj-ge, qaryz-g’a, juldyz-dar; tań-g’a, pán-der, tal-dyń ,kól-ge, bala-g’a, bala-lar, áje-ge, áje-niń .

§15. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i əріптері тəуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aý yl – aý ly, daýys – daýsy, erin – erni, halyq – halqy, oryn – orny, g’uryp – g’urpy, qyryq – qyrqy (қырқын беру), kórik – kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy (бағасы), paryq – parqy, qulyq – qulqy, oıyn - oıyny.

Е с к е р т у. Мағынасына нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq – qulyg’y; kórik – kórigi (ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы); qyryq – qyryg’y (сандық мағына); naryq – naryg’y (термин).

§16. Соңғы буынында á əрпі жазылатын түбір сөздерге ашық дауыстылармен келетін қосымшалар ғана жуан жалғанады: kúnási, kúnásinаn, k ási, kýásinаn, kúnág’a, kúnádan, kinálaý , shúbálaný , kýág’a, kýádan, kúmáng’a, kúmándaný .

§17. s, z, j дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір сақталып жазылады: basshy (bashshy емес), qussha (qushsha емес), tuzsyz (tussyz емес), sózsiz (sóssiz емес), aýyzsha (aý yshsha емес), tájsiz (táshsiz емес).

§18. n дыбысына аяқталатын сөздерге b, g, g’ , m дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: buryng’y (buryńg’y емес), jang’a (jańg’a емес),qaýyng’a (qaýyńg’a емес), túngi (túńgi емес), tómengi (tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy(jambaıdy емес), kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen (saımammen емес).

§19. Сөз соңындағы k, q, p əріптері тəуелдік жалғауы немесе көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, g’ , b ( ý) болып жазылады: jú rek – jú regi, sú ıek – sú ıegi, kú rek – kú regi; qazaq – qazag’ y, baıraq – baırag’ y, taraq – tarag’ y; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep – lebi; ek – egedi, tó k – tó gedi; taq – tag’ ady, baq – bag’ ady; kep – kebedi, keý ip, jap – jabady, jaý yp, tap – tabady, taý yp. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapy тəрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.

§20. Екінші сыңары basy, asy, ag’asy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде қосымша сөздің тəуелдік формасына жалғанады: Elbasyna,Elbasyn, otbasyna, otbasyn, otbasylar, qonaqasyna,qonaqasyn, qonaqasylar, otag’asyna, otag’asyn,otag’ asylar, myńbasyn, myńbasyna, myńbasylar. Тəуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.

§21. Түбір сөзге -hana, nama, -gó ı, -qoı, -kez,-kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor тəрізді араб,парсы тілінен енген жəне -kú nem, -niki (-diki, -tiki),-men (-ben, -pen) тəрізді төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana, ádisnama, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qaıratker; sezimtal, ug’ymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qog’ammen, ultpen, qyzben.

 

ІІІ ТАРАУ

Бөлек жазылатын сөздер емлесі

§22. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn sag’at, kıiz  ı, bota kóz, qara shaı, at qora, maqta maıy, quraq kórpe.

§23. Күрделі сан есімдердің əрбір сыңары бөлек жазылады: on bir, on birinshi, on segiz mıllıon, jıyrma segiz, júz on jeti, eki júz jetpis tórt, bir myń tog’yz júz elý úsh, tórt mıllıard, jıyrma úsh bútin onnan bir.

§24. Күрделі сын есімдердің əрбір сыңары бөлек жазылады: аl qyzyl, qońyr ala, qyzg’ylt sary, qara ala, kók ala, qara kók , aq sur, qula qasqa, qula jıren, tory tóbel.

§25. Күрделі етістіктердің, есім жəне еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің əрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara almady, bara almaı qalyp edi, jyg’ylyp qala jazdady; qyzmet etý , mán berý ,qol shapalaqtaý ; shap etý , dý ete túsý , baj etý , lap qoıý .

§26. Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn,keıin, buryn, deıin, sheıin, men, ben, pen, qoı, g’ oı, da,de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек жазылады: jyl saıyn, aı saıyn; sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin; túske sheıin; qalam men qag’az, kitap pen dápter; kerek qoı, kóre g’oı; ol da, men de;halyq ta, úkimet te; Bar ma eken? Kele me eken? Suraq pa? Kóp pe? Az ba? Kem be? Sen she?

§27. da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келгенкүрделі сөздер бөлек жазылады: bar da kel, aıt ta qoı, qara da tur, kir de shyq. Бірақ urda-jyq, asta-tó k,ý da-shý тəрізді лексикаланған тіркестер бірге əрі дефис арқылы жазылады.

§28. Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ú sti,mań y, jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty, ústeldiń ústi, qala mańy, bazar jany, aýla ishi, qora syrty, qystyń basy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.

Е с к е р т у. Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдерімен келіп, атаулық мағынаға ие болған сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naýqan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy sy ary, tisarty daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.

§29. Идиомалық, фразалық тіркестердегі əрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, shynjyr balaq, shubartós, shıki ókpe, qara ter, ıek artty, bas tartty, betburdy, ıin tires. Бірақ атау сөздің орнына жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады: basqosý ,atsalysý , aqkóńil (§38-ді қараңыз).

 

IV ТАРАУ

Бірге жазылатын сөздер емлесі

§30. Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады: kókónis, shekara, jertóle, bag’darsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.),ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.).

§31. Екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq,-tik) қосымшасымен келген қоғамдық, əлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін əдет-ғұрып, кəде атаулары, -lar (-ler, -dar, -der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -g’ ysh, -gish) қосымшасымен келетін құрал-сайман жəне техника атаулары,-ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe, -ba, -be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -g’y (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін лексикаланған тұрақты тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады: ortaazıalyq, jerjú zilik, arampıg’yldyq, búkilálemdik, jalpyhalyqtyq, birrettik; aýyzashar, atqaminer; ashatuıaqtylar, balyqqorektiler, jalańkózdiler, ag’ashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalg’ysh, órtsóndirgish; sharýabasty, nemketti, súıkeısaldy; alypqashpa, baýkespe, janbag’ys, kireberis, kúnkóris; aýaqyzdyrg’y, aýasúzgi, bórioınaq.

§32. Á sire, bir, kó p, jalpy, бей жəне avan, avıa,avto, agro, antı, aero, gıdro, gıper, eý ro, ızo, ınfra,kıno, mega, mını, radıo, tele, trans, ú ltra, foto, elektr сияқты сөзалды сыңарларымен, сондай-ақ beı қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: ásiresolshyl; birqalypty, birmándi; kópmándi, kópmúshe;  jalpyulttyq,   jalpymemlekettik; beıkúná, beıhabar; avansahna; avıamektep; avtojol; agrokeshen;

antıdene; aeroshana; gıdrobeket; gıperbelsendi; еýrosport; ızosyzyq; ınfraqurylym; kınoqondyrg’y; megajoba; mınıjoba; radıobaılanys; telearna; transshekara; últradybys; fotosýret; elektrsúzgi.

§33. Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný ,tanym, jaı, hat, aqy, ishilik, symaq сияқты сөздермен келген атаулар бірге жазылады: halyqaralyq; ataqqumar; ultjandy; jaratylystaný; tiltanym; jylyjaı; ashyqhat (ashyqhat syılaý); zeınetaqy; mekemeishilik; ákimsymaq. Бірақ анықтауыштық қатынас сақталған күрделі сөздер бөлек жазылады: ashyq hat, qyzmettik hat.

§34. Esh, ár, keı, bir, qaı, qaısy, álde сөздерімен келген есімдік, сын есім, үстеулер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады: eshkim; árkim; ártú rli;keıbir; birdeń e; qaıbir; qaısybireýler; áldeqalaı.

Е с к е р т у. Ár, keı, bir, qaı, álde сөздері затесімдермен тіркескенде, бөлек жазылады: ár el; keı bala; bir jumys; qaı zaman; álde shyn, álde ótirik.

§35. Бірінші сыңары aq, qara, sary, kó k, qyzyl, ala,boz тəрізді түс атауларымен келетін ботаникалық, зоологиялық терминдер бірге жазылады: aqıyq(құс), aqshabaq (балық); qaraqus, qaraag’ ash (өс.); saryandyz (өс.), sarygúl; kókqutan (құс), kókbasshóp (өс.); qyzylqasqyr (аң), qyzylbıdaı; alabug’a (балық), alabulbul (құс); bozbetege (өс.), boztorg’aı. Үш құрамнан тұратын ботаникалық, зоологиялық атаулардың алдыңғы екі сыңары бірігіп жазылады:aqbas sıyr, sarybas jylan.

§36. Лексикалық мағынасынан ажыраған qoı, sıyr, túıe, bota, qozy, at, qoıan, aıý, bó ri, qasqyr, ıt немесе qum, sý, bal, ý, sor сөздерімен тіркескен ботаникалық, зоологиялық атаулар бірге жазылады: qoıjýsan (өс.), sıyrjońyshqa (өс.), botabú rgen(өс.), qozygúl (өс.), atqulaq (өс.), qoıansúıek (өс.), aıýbaldyrg’an (өс.), aıýbadam (өс.), bóriqaraqat (өс.), qasqyrjem (өс.), ıtbúldirgen (өс.), qumberish (өс.),sýbetege (өс.), balqarag’aı (өс.), ýkekire, ýbıdaıyq (өс.), sorqańbaq (өс.).

Е с к е р т у. Aq, qara, qyzyl, qoń yr, sur, shubar сөздері аң-құс, өсімдік  түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: aq alabota, qara qarg’a, sur jylan, shubar baqa.

§37. Eкінші сыңары shóp, gúl, tiken, japyraq, tamyr, qus, balyq, qurt, jıdek, jemis, qat сөздерімен келетін ботаникалық атаулар бірге жазылады: emenshóp, qońyraýshóp; kúımesgúl, qaltagúl; sortiken, shag’yrtiken; túımejapyraq, sútjapyraq; altyntamyr, beltamyr; totyqus, kókqus; taraqbalyq, qylyshbalyq; qaraqurt, bósirqurt; qyzyljıdek, ıtjıdek; tamyrjemis, torjemis; qaraqat, qyzylqat.

§38. Күрделі сөзге айналған фразеологизмдер бірге жазылады: aqsaqal, aqsúıek, aqnıet, aqnıettik, aqkóńil, aqkóńildilik; kóshbasshy, dúnıeqońyzdaný, erjúrek, erjúrektik, janpıda, janpıdalyq, ataqonys; basqosý , atsalysý, atústi, atústilik.

 

V ТАРАУ

Дефиспен жазылатын сөздер емлесі

Қос сөздер дефис (-) арқылы жазылады.

§39. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek, alýan-alýan, júre-júre, kóre-kóre, sóıleı-sóıleı, bıik-bıik, kóp-kóp, taý-taý, qaıta-qaıta.

§40. Қосарланған еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер жəне көңіл-күй, шақыру одағайлары дефис арқылы жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult,shaqyr-shuqyr, shart-shurt, sart-surt, tars-turs, pah-pah, shek-shek, qyraý -qyraý .

§41. Сыңарлары өзара мағыналас жəне қарама-қарсы, жиынтық жəне жалпылама мəндегі, сондай-ақ мағынасы көмескіленген қос сөздер дефисарқылы жазылады: syı-qurmet, úgit-nasıhat, oı-óris, ydys-aıaq, telegeı-teńiz, salt-dástúr, er-toqym, el-jurt, jer-jahan, kúsh-qaırat, ońtústik-shyg’ys, júrek-tamyr syrqaty, shtrıh-kod, oqý -jattyg’ý , ákimshil-qysymshyl; úlken-kishi, kári-jas, alys-jaqyn, ashshy-tushshy, alys-beris, jog’ary-tómen, kóshi-qon, aıtty-aıtpady, kirer-kirmesten, kelimdi-ketimdi, kári-qurtań, kóılek-kónshek, et-met.

§42. Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазылады: bir-eki, alty-jeti, úsh-tórt, otyz-qyryq, altaý -jeteý , bireý -ekeý .

§43. Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер дефис арқылы жазылады: týradan-týra, qoldy-qolyna, ózinen-ózi, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdy-kópti, tekten-tekke, teginnen-tegin, qolma-qol, betpe-bet, kózbe-kóz, jolma-jol, barar-barmas; bılep-tóstep, sharshap-shaldyg’yp, kórgen-túıgen, jýyp-shaıyp, qyryp-joıyp,  jylap-eńirep, ósip-ónip.

§44. Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады, сондай-ақ  түсірілген -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-g’ a, 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyly,5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-ú ı, 9-páter, ХХІ g’asyr, III tom, IV taraý . Бірақ № шартты белгісімен тіркесетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмайды: №82 mektep, dırektordyń №5 buıryg’y, №107 qaýly, №17 kiris.

§45. Цифрға тіркелетін % (процент), 0С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-kе, 10 0С-den tómen.

§46. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qup. Бірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.

§47. Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл жəне шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалдысыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meıker,shoý-bıznes, tok-shoý, blıs-saýal, feıs-baqylaý , art-kafe, pop-mýzyka; MP4-pleerleri, USB-tasymaldaýshy, SDkarta; VIP-palata, IT-mamandar, PR-menejer.

§48. -aq, -aı, -aý , -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tug’yn шылаулары дефис арқылы жазылады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, ádemisin-aı, aıtqan-dy, barypty mys, kelipti-mis, kóretin-di; еrek-tin, bartug’yn, joq-tug’yn.

§49. Қысқарған сөзге қосымшалар дефисарқылы жалғанады: AAQ-nyń , QazUPÝ -g’a, TMD-g’a (§73-75 қараңыз).

 

VІ ТАРАУ

Бас әріп емлесі. Қосымшалардың жалғануы

§50. Əрбір жаңа сөйлем бас əріппен жазылады: Qonaqúıde, dóńgelek ústel ústinde qyzg’ylt, kúńgirt sáýlesi bar tas sham janyp tur. Qyryn otyrg’an ákesiniń úlken kesek pishini Abaıg’a jartylaı g’ana kórinedi (M.Áýezov).

§51. Өлеңнің əрбір жолы бас əріптен басталады: Paıda oılama, ar oıla,

Talap qyl artyq bilýge. Artyq bilim kitapta, Erinbeı oqyp kórýge (Abaı).

 

Жалқы есімдер емлесі

§52. Кісінің аты, əкесінің аты, тегі бас əріппен жазылады: Dý lat Sag’ ynuly Berdáli, Qyrmyzy Nábıqyzy Seıdimbek.

§53.Кісі есімдеріне жəне -ov, -ev жұрнағымен аяқталған кісінің тегіне қосымша түбір сөздің соңғы буынына сəйкес үндесіп жалғанады: Álıhannyń, Álıhang’a; Kúnsulýdyń, Kúnsulýg’a; Nábıevanyń, Nábıevkе; Baıg’araevanyń, Baıg’araevqa.

Е с к е р т у. Соңғы буыны á -мен аяқталған кісі есімдеріне қосымшалар §16 бойынша жуан жалғанады: Kúlásh-qa, Kúláı-g’a, Bilál-g’a.

§54. Екі сөзден құралған кісі есімдері бірге жазылады: Tóremurat, Aısáýle, Saqypjamal, Ábilqasym, Qasymjomart, Batyrhan, Tursynzada, Nurg’alı, Aıgúl, Aqbala, Aqylbek, Jaqsybaı, Shárbaný, Toqqoja, Nurbıke, Nuraıym, Nurdildá, Bıbihanym, Asyljan, Ahmetqazy.

§55. Кісі есімдері сыңарларының жігіндегі дыбыстар айтылымына сəйкес жазылады: Aıg’yz, Baıgeldi, Jumag’ul, Qaragóz, Kenjáli, Bıbajar, Qojahmet.

§56. Араб, парсы тілінен енген кісі есімдері қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сəйкес жазылады: Ysqaq, Yrysjan, Yrysaldy, Ysmaıyl немесе Symaıyl, Muhambet, Ybyraıym, Bátıma, Qasen, Qusaıyn, Qadısha, Pazyl, Ábdiqadir, Álbeıbarys.

§57. Тарихи тұлға есімдеріндегі көмекші сөздер сөз басында бас əріппен, сөз ортасында кіші əріппен дефис арқылы жазылады: Ábý nasyrál-Farabı, Leonardo da Vınchı, Janna d’Ark, Fon der Gols, Lıýdvıg van Bethoven,  Ál-Farabıdiń murasy barlyq túrki halyqtaryna ortaq. Көрсетілген есімдерге қосымшалар буын үндесіміне сəйкес жалғанады: Leonardo da Vınchı (-diń ,ge); Fon der Gols (-tyń ,-qa); Vılgelm fon Gýmboldt (-tyń , -qa).

§58. Ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары бас əріппен жəне бірге жазылады: Jelaıaq, Jeztyrnaq, Saqqulaq, Taýsog’ar.

§59. Құрамында  bı, jyraý , ata, ana, batyr, abyz,aqyn, bahadú r, han, seri, sal, datqa, sultan, qajy, sulý ,begim, hanym, myrza сөздері бар ұлттық-мəдени қоғамдастыққа  танымал кісі есімдерінің алдыңғы сыңары – бас əріппен, екінші сыңары кіші əріппен бөлек жазылады: Móńke bı, Buqar jyraý, Adam ata, Haýa ana, Qorqyt ata, Domalaq ana, Jalańtós batyr, Baıserke abyz, Dýlat aqyn, Ábilg’ azy bahadúr, Abylaıhan, Aqan seri, Birjan sal, Baızaq datqa, Baraq sultan, Qunanbaı qajy,  Baıan sulý , Aısheker hanym, Rabıa begim.

§60.Дəстүрлі мəдениетте ерекше орын алған кісі есімдерінің алдында қолданылатын тұрақты эпитеттер бас əріппен жазылады: Úkili Ybyraı, Qyz Jibek, Máshhúr Júsip, Qaz daýysty Qazybek bı, Er Targ’yn, Qaraqypshaq Qobylandy, Jaıaý Musa, Er Tóstik.

§61. Жануарлар мен құстарға қойылған күрделі атаулар бас əріппен жəне бірге жазылады: Aıtóbel, Qoıankók; Bóribasar, Aqtós, Qaratorg’aı.

 

Жер бедері, аспан денелері атауларының емлесі

§62. Географиялық жəне астрономиялық атаулар бас əріппен жазылады: Alataý , Jetisý , Ertis, Jaıyq; Kún, Аı, Jеr, Sholpan, Jetiqaraqshy, Súmbile, Úrker.

§63. Muhıt, asý , aral, qum т.б. сөздермен келетін жер-су жəне астрономиялық атаулардың бастапқы сыңары бас əріппен жазылады: Qara teńiz, Tynyq muhıty, Kúngeı asýy, Barsakelmes araly, Borsyq qumy.

§64. Тұрақты анықтауыш арқылы қалыптасқан күрделі жер-су атауларының екі сыңары да бас əріппен жəне бөлек жазылады: Kishi Azıa, Ortalyq Qazaqstan, Batys Qazaqstan, Qıyr Shyg’ ys, Taýly Altaı.

§65. Күрделі жер-су атаулары бас əріппен, түбір тұлғасы сақталып, біріктіріліп жазылады: Araltóbe, Úsharal, Kókshetaý, Betpaqdala, Jarkent, Marqakól,Saryarqa, Saryag’ash, Jańaarqa.

§66. Қосарланған жер-су атауының екі сыңарыда бас əріппен, дефис арқылы жазылады: Aqsý-Jabag’yly qoryg’y, Úıtas-Aıdos jerasty sýy, Saıram-О́gem ulttyq parki, Balqash-Alakól oıysy.

 

Күрделі атаулар емлесі

§67. Мемлекет жəне ең жоғарғы мемлекеттік басқару органдары мен лауазым атаулары бас əріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Prezıdenti, Qazaqstan Respýblıkasynyń Premer-mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamenti Má jilisiniń Tórag’asy, Qazaqstan Respýblıkasynyń Úkimeti. Бірақ мемлекеттік лауазым атауларындағы hatshy, mınıstr, depýtat, ákim, orynbasar, basshy,tórag’a сөздері кіші əріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik hatshysy, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstri, Qazaqstan Respýblıkasy Parlamentiniń depýtaty, Túrkistan oblysynyń ákimi, Qazaqstan Respýblıkasy Prezıdenti ákimshiligi basshysynyń orynbasary, Ádistemelik bólim basshysy, Til komıtetiniń tórag’asy.

§68. Мемлекеттік əкімшілік-басқару органдары (министрлік, комитет, департамент, кодекс, т.б.) заңнамалық құжаттар күрделі атауларының бірінші сөзі бас əріппен жазылады: Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Ishki ister mınıstrligi, Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrliginiń Memlekettik múlik jáne jekeshelendirý jónindegi komıteti, Qazaqstan Respýblıkasy Aqparat jáne komýnıkasıalar mınıstrliginiń Aqparattandyrý departamenti, Qazaqstan Respýblıkasynyń Eńbek kodeksi.

§69. Оқу орны, ғылыми мекеме, қоғамдық ұйым, өнер орталықтарының жəне олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары бас əріппен жазылады: Ál-Farabı atyndag’y Qazaq ulttyq ýnıversıteti, Sh.Ýálıhanov atyndag’y Tarıh jáne etnologıa ınstıtýty, Qazaqstan  Sýretshiler odag’ y, Abaı atyndag’y Opera jáne balet teatry, Qazaq ulttyq ýnıversıtetiniń Tarıh fakúlteti, Shyg’ystaný fakúltetiniń Shyg’ys fılologıasy kafedrasy; Til bilimi ınstıtýtynyń Til mádenıeti bólimi, Jazýshylar odag’y, Kórkem ádebıet bólimi, Til bilimi ınstıtýtynyń G’ylymı keńesi.

§70. Ғимарат, ескерткіш, көркем əдебиет, музыка, сəулет, өнер туындылары атауларының алғашқы сөзі бас əріппен жазылады: Beıbitshilik pen kelisim saraıy, Qazmedıa ortalyg’y, Táýelsizdik saraıy, Áziret Sultan meshiti, I.Esenberlınniń «Kóshpendiler» trılogıasy, «Alasapyran» romany, «Aıqyn» gazeti, «Qazdar qaıtqanda» áni, «Máńgilik el» monýmenti.

§71. Маңызды тарихи оқиғалардың, мереке атауларының бірінші сөзі бас əріппен жазылады: Aqtaban shubyryndy, Jeltoqsan kóterilisi, Qurban aıt, Naýryz meıramy, Qazaqstan halqynyń birligi kúni, Bilim kúni.

§72. Мемлекеттік марапаттар, атақтар бас əріппен жазылады: Qazaqstan Respýblıkasy Memlekettik syılyg’ ynyń laýreaty, «Halyq qaharmany» atag’y, «Altyn qyran» ordeni, «Eren eńbegi úshin» medali, «Altyn alqa» tósbelgisi.

 

VІІ ТАРАУ

Қысқарған сөздер емлесі

§73. Басқы əріптерінен қысқарған күрделі атаулар бас əріппен жазылады: EQYU (Eýropadag’y qaýipsizdik  jáne yntymaqtastyq uıymy); AQ (Aksıonerlik qog’am); AAQ (Ashyq aksıonerlik qog’am); JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU (Dú nıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу заңдылықтарына сəйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-g’a; ЕO-g’a; JShS-nyń, JShS-g’a; AQ-nyń ; DDSU-g’a; TMD-g’a, MKK-ge.

Бірақ AQSh-qa деп жазылады.

§74. Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған əлемдік мəртебесі жоғары халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, EXPO. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай дефис арқылы жалғанады: UNESСO-nyń , -g’a; USAID-tyń , -qa; NATO-nyń , -g’a; EXPO-nyń , -g’a.

§75. Аралас қысқарған сөздер төмендегідей жазылады: QazUÝ (Qazaq ulttyq ýnıversıteti); Eýroodaq (Eýropalyq odaq). Қосымшалар соңғы буынға үндесіп жалғанады: QazUÝ –dyń, -g’a; Eýroodaq-tyń ,-qa.

 

VІІІ ТАРАУ

Шетелдік сөздер емлесі

§76. Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқасына ұқсас жазылады, оларға қосымша буын үндестігіне сəйкес жалғанады: moderator (-dyń , -y, -g’a, -lar), marker (-diń , -i, -ge, -ler), stepler (-diń , -i, -ge, -ler), vaýcher (-diń , -i, -ge, -ler), sýpervaızer (-diń , -i, -ge, -ler), banknot (-tyń , -y, -qa, -tar), bankomat (-tyń , -y, -qa, -tar), planshet (-tiń , -i, -ke, -ter), onlaın (-nyń , -y, -g’ a, -dar), oflaın (-nyń , -y,-g’ a, -dar), dızaın (-nyń , -y, -g’ a, -dar), barmen (-niń , -i, -ge, -der), resepshn (-niń , -i, -ge, -der), skrınshot (-tyń , -y, -qa, -tar), blokbaster (-diń , -i, -ge, -ler).

§77. Бірқатар кірме сөздер айтылуы бойынша жазылады: taýar, nómir, poshta, kástóm, pálte, poıyz, sıez, slesir, vedimis, vedimistik, ketchúp.

§78. Ё əрпі о́ əрпімен таңбаланады. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сəйкес жалғанады: manо́vr (-diń , -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń , -i, -ge, -der), aktór (-diń , -i, -ge, -ler), amóba (-nyń, -ny, -g’a, -lar), dırıjо́r (-diń , -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń , -i, -ge, -ler).

§79. Ц əрпі жəне сц əріп тіркесі s əрпі арқылы жазылады: sırk, sement; desımetr, proporsıonal, kvars, korporasıa, senarı, abses, plebısıt.

§80. Щ əрпі əрпімен жазылады: ýchılıshe, praporshık, borsh, shı (тағам).

§81. Э əрпі е əрпімен жазылады: element, elevator, poetıka, koefısent.

§82. Ю əрпі ú əрпімен жазылады: parashút, absolú t, glúkoza, debút, prodúser, lúks, valúta, búdjet, búro, sújet, búleten, fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымшалар соңғы буынның үндесіміне сəйкес жалғанады.

§83. Я əрпі á əрпімен жазылады: zarа́d, knáz, narád, razrád, grıláj. Қосымша §16 бойынша жалғанады.

Е с к е р т у. и (ı) əрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: aksıa, alergıa, hımıa, gımnazıa.

§84. Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың əрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады: аlkogól (-diń , -i, -ge, -der), аnsámbl (-diń , -i, -ge, -der), asfált (-tiń , -i, -qa, -ta), álbatros (-tyń , -y, -qa, -tar), álbom (-nyń , -y, -g’a, -dar), álfa (-nyń , -g’a), álmanah (-tyń , -y, -qa, -tar), álpınıs (-tiń , -i, -ke, -ter), ált (-tiń , -i, -ke), álternatıv (-tiń , -i, -ke, -ter), áltron (-nyń , -y, -g’ a, -dar), bálzam (-nyń , -y, -g’a, -dar), batalón (-niń , -i, -ge, -der), búldog (-tyń , -y, -qa, -tar), búldozer (-diń , -i, -ge, -ler), dúbl (-diń , -i, -ge, -der), gólf (-tiń , -i, -ke, -ter), gаstról (-diń , -i, -ge, -der), kúlt (-tiń , -i, -ke), kоbált (-tiń , -i, -qa, -tar), kоról (-diń , -i, -ge, -der), medalón (-niń , -i, -ge, -der), múltfılm (-niń , -i, -ge, -der), ós (-tiń , -i, -ke, -ter), pálma (-nyń , -sy, -g’ a, -lar), parо́l (-diń , -i, -ge, -der), púlt (-tiń , -i, -ke, -ter), roıál (-diń , -i, -g’ a, -dаr), rúbl (-diń , -i, -ge, -der), sırkúl (-diń , -i, -ge, -der), váls (-tiń , -i, -ke, -ter), vestıbúl (-diń , -i, -ge, -der), vólfram (-nyń , -y, -g’ a, -dar), vólt (-tiń , -i, -ke), fakúltet (tiń ,-i, -ke, -ter), festıvál (-diń , -i, -g’ a, -dаr), fólklor (-dyń , -y, -g’ a, -lar).

Ескерту. Жіңішкелік белгісі(ь) тұрған буында e, ı əріптері болса, бұл белгі ескерілмейді: akvarel (-diń , -i, -ge, -der), artıkl (-diń , -i, -ge, -der), atele (-niń , -si, -ge, -ler), barelef (-tiń , -i, -ke, -ter), barer (-diń , -i, -ge, -ler), gelmınt (-tiń , -i, -ke, -ter), kegl (-diń , -i, -ge, -der), kelt (-tiń , -i, -ke, -ter), lager (-diń , -i, -ge, -ler), premer (-diń , -i, -ge, -ler), premera (-nyń , -g’ a, -lar), relef (-tiń , -i, -ke, -ter), shıfoner (-diń , -i, -ge, -ler), stil (-diń , -i, -ge, -der), fılm (-niń , -i, -ge, -der).

§85. Айыру белгісі(ъ) ескерілмей жазылады, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сəйкес жалғанады: sýbekt, оbekt, feldeger, adektıv.

§86. –тч əріп тіркесімен аяқталатын сөздердегі т əрпі түсіріліп жазылады: skoch, skech, mach.

§87. Дж əріп тіркесі бар сөздерде д əрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń , -i, -ge, -ler), jınsі (-nіń , -sі, -ge, -ler), jentlmen ( -niń , -i, -ge, -der). Бірақ búdjet, lodjy болып жазылады.

§88. Сөз соңындағы қайталанған қосар əріптің біреуі түсіріледі: klas (-tyń , -y, -qa, -tar), hol (-dyń , -y, -g’a, -dar), bal (-dyń , -y, -g’a,-dar).

§89. Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін əріптердің бірі түсіріліп жазылады:patıson, komısar, resor, profesor, prosesor, asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen, ımıgrant, mamologıa, sımetrıa, amıak, anagram; metalýrgıa, elıps, kolej, sılabýs, koloıd, kolokvıý m, trıler, alofon, troleıbýs; kotej, atestat; efýzıa, afekt, afrıkat, koefısıent; týnel, aneksıa, baner, tenıs, konotat; abrevıatýra, gıbon, korespondent, popýrı, korektor, ıpodrom, oponent; sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtteý, vakým.

Ескерту. Сөз мағынасына əсер ететін жағдайда, сондай-ақ өлшем бірлік атауларында қайталама дыбыстар сақталып жазылады: netto, dollar, massa, tonna, mıllıon, mıllımetr.

§90. -ий-мен аяқталған сөздердің соңында бір ғана ı əрпі жазылады: kalı, alúmını, natrı, kafeterı, realı.

§91. Шеттілдік сөздердің соңындағы а əрпі сөз мағынасына əсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: kordınat (-tyń , -y, -qa, -tar), kapsýl (-dyń , -y, -g’ a, -dar), kardıogram (-nyń , -y, -g’ a, -dar), fonem (-niń , -i, -ge, -der), morfem (-niń , -i, -ge, -der), leksem (-niń , -i, -ge, -der), orfogram (-nyń , -y, -g’a, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады.

§92. -cт, -сть əріп тіркестеріне біткен сөздердің соңғысы (лары) түсіріліп жазылады, қосымшалар үндестік заңына сəйкес жалғанады: ekonomıs (-tiń ,-i, -ke, -ter), komýnıs (-tiń , -i, -ke, -ter), manıfes (-tiń , -i, -ke, -ter), týrıs (-tiń , -i, -ke, -ter), poves (-tiń , -i, -ke, -ter).

§93. p, h əріптеріне аяқталған шеттілдік сөздерге тəуелдік жалғауы жалғанғанда, p, h əріптері ұяңданбайды жəне қосымшалар жуан жалғанады: arhetıp – arhetıpi, stereotıp – stereotıpi, sheıh – sheıhy, shtrıh – shtrıhy;  seh (-tyń , -y, -qa, -tar), sheıh (-tyń , -y, -qa, -tar), shtrıh (-tyń , -y, -qa, -tar).

§94. –ог əріп тіркесімен аяқталатын сөздерге қосымшалар жуан жалғанады: pedagog (-tyń , -y, -qa, -tar), еkolog (-tyń , -y, -qa, -tar), fılolog (-tyń , -y, -qa, -tar).

§95. -рк, -рг, -кс, -лк, -кл, -нк əріп тіркестеріне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: ocherk (-tiń , -i, -ke, -ter), hırýrg (-tiń , -i, -ke, -ter), metalýrg (-tiń , -i, -ke, -ter), polk (-tiń , -i, -ke, -ter), sıkl (-diń , -i, -ge, -der), bank (-tiń, -i, -ke, -ter), tank (-tiń, -i, -ke, -ter).

§96. -кт, -ск, -пт, -фт əріп тіркесіне бітетін сөздерге қосымша y, i дəнекері арқылы, ал -кт,-нкт, -ск сияқты құрамында к əрпі бар сөздерге тек жіңішке, басқаларына соңғы буын үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: fakt, faktige, faktisi; pýnkt, pýnktisi, pýnktige; ınstınkt, ınstınktisi, ınstınktige; dısk, dıskige, dıskisi; aksept, akseptige, akseptisi; soft, softyg’a, softysy.

§97. Сөз соңындағы -нг əріп тіркесі ń əрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сəйкес жалғанады: boýlıń (-niń , -ge, -i, -der), brıfıń (-niń , -ge,-i, -der), reıtıń (-niń , -ge, -i, -der).

Ескерту. Бір буынды сөздерде нг тіркесі жазылады: rıng, rang, sleng.

§98. Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында w əрпімен басталатын кейбір сөздер ý əрпімен жазылады: ýаtsap, ýıkıpedıa, ýeb-saıt.

 

ІХ ТАРАУ

Сөздердің тасымалдануы

§99. Сөз буын жігіне сəйкес тасымалданады: oqý-shylar, oqýshy-lar; bel-sendi, belsen-di; beıbitshilik, beıbit-shilik, beıbitshi-lik.

§100. Буын й мен у дауыссыздарынан басталғанда da-ýys (daý -ys емес), sa-ýat (saý-at емес), da-ıyndyq (daı-yndyq емес), qu-ıyn (quı-yn емес) түрінде тасымалданады.

§101. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, сөздің түбірі сақталып тасымалданады: kúńgirt-teý (kú ń gir-tteý емес), jańg’yrt-ty (jań g’ yr-tty емес).

§102. Біріккен жəне кіріккен сөздер буын жігімен тасымалданады: de-malys, dema-lys (demalys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес).

§103. Бір буынды сөздер тасымалданбайды: aı, kún, vólt, kvars, pýnkt.

§104. Сөздің жеке əрпі келесі жолға тасымалданбайды: ara (a-ra, ar-a емес), aıaq (a-ıaq емес), alaqan (a-laqan емес), uıa (u-ıa, uı-a емес).

§105. Бас əріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды: AQSh, TMD, BUU.

§106. Кісі есімінің қысқартылған əрпі мен тегі тасымалданбайды: A.Baıtursynuly, B.Momyshuly, G’ .Mustafın, Á.Kekilbaı.

§107. Цифрлармен келген қысқарған өлшем бірлік атаулары жəне шартты таңбалар тасымалданбайды: 25 ga (25-ga емес), 50 sm (50-smемес), 50 % (50-% емес).