Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Латын әліпбиіне көшу мәселесі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.

Толығырақ...

Латын әліпбиі туралы Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған 100 мақала

Кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын қаріпінің негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Елбасы қазақ ұлтының келешегі үшін аса маңызды шешімді халықтың талқылауына салып, ғалымдардың пікіріне құлақ асып, ең дұрыс нұсқаны таңдағанын көпшілік айтып жатыр. Осы орайда Abai.kz ақпараттық порталы да шама-шарқынша жалпы ұлттық тарихи шешім болып табылатын, яғни Тәуелсіз Қазақ елінің әліпбиін жасауға үлес қосқанын айта кеткіміз келеді.

Толығырақ...

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бүгіні мен болашағы

Қазіргі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты қарастырылып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жоспарланған болатын. Елбасы өз мақаласында «...қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп қазіргі жаһандану заманында кейінгі ұрпақ жастарымыздың білімінің кеңейіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін өте қажет екендігін баса айтады.

Толығырақ...