Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[Sh] (Ш) дауыссыз дыбысы тіл ұшымен күрек тіс - қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ш дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс - қызыл иек шекарасымен жайылыңқы жылысуы арқыл жасалады. Жасалу тәсіліне қарай жайылыңқы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ш дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жайлыңқы жуысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
. 1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:82.