Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[Ú] (Ү) жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып табылады. Ү дыбысын айтқанда ерін доғдаланып тұрады. Еріннің қатысына қарай ерін дауысты дыбыс болып табылады. Ү дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысынның орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты тілдің тік қалпына қарай - қысаң, ерін қатысына қарай - ерін, жасалу орнына қарай - тіл ортасы дыбыс.
Жасалым белгілері: қысаң, ерін, тіл ортасы дауысты дыбыс .
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:57.