Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[T] (Т) дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс - қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Т дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс - қызыл иек шекарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Т дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, тоғысыңқы, қатаң дауссыз дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:76.