Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[S] (С) дауыссыз дыбысы тіл ұшымен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. С дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шекарасымен жинақы жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай жинақы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. С дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз). Дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:77.