Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[P] (П) дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. П дауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің өзара тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауссыз дыбыс болып табылады. П дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды, Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз болып табылады.
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы , қатаң дауыссыз дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:75.