Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[Ó] (Ө) дауысты дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалды. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып табылда. Ө дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп басталып, дөңгеленіп аяқталады. Еріннің қатысына қарай ерін дауысты дыбыс болып табылады. Ө дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты екінші (сыңарының) тілдің тіл қалпына қарай - қысаң, ерін қатысына қарай - ерін, жасалу жолына қарай - тіл ортасы дыбыс.
Жасалым белгілері: қысаң, ерін, тіл ортасы дауысты дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:58.