Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[O] (О) дауысты дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып табылады. О дыбысын айтқанда ерін сүйірленіп басталып,дөңгеленіп аяқталады. Еріннің қатысына қарай ерін дауысты дыбыс болып табылады. О дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты (екінші сыңарының) тілдің тік қалпына қарай - қысаң, ерін қатыса қарай - ерін, жасалу орнына қарай - тіл арты дыбыс.
Жасалым белгілері: қысаң, ерін, тіл арты дауысты дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:57.