Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[Ń] (Ң) дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. Ң дауыссыз дыбысы тіл түбімен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ң дауыссыз дыбысын айтқанда дауыз желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тілшік,тоғысыңқы, үнді, дауыссыз дыбыс.
1.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009. -Б:89