Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[L] (Л) дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шекарасымен тоғысып, екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жанама жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
1.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009. -Б:90