[Q] (Қ) дауыссыз дыбысы тілшік пен тілдің түбі арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады . Қ - (к) дауыссыз дыбысы тілшік пен тіл түбінің тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Қ дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:76.
|
|