[Z] (З) дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады.Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. З дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шекарасымен жинақы жуысуы арқылы жасалады.Жасалу тәсіліне қарай жинақы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады.З дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады.Дауыс қатысына қарай ұяң дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері:тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс.
Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009. -Б:83. |
|