Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[J] (Ж) дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады.Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады.Ж дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шекарасымен жайылыңқы жуысуы арқылы жасалады (сөз басында жабысыңқы , яғни аффикат болып жасалады). Жасалу тәсіліне қарай жайылыңқы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады.Ж дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: тіл ұшы, жайылыңқы жуысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс. [J] (Ж) дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады.Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады.Ж дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шекарасымен жайылыңқы жуысуы арқылы жасалады (сөз басында жабысыңқы , яғни аффикат болып жасалады). Жасалу тәсіліне қарай жайылыңқы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады.Ж дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жайылыңқы жуысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009 .-Б:84.