[E] (Е) дауысты дыбысы жақтың қысаң ашылуы, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып табылады. Е дыбысын айтқанда ерін бейтарап қалады. Еріннің қатысына қарай езу дауысты дыбыс болып табылады. Е дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты (екінші сыңарының) тілдің тік қалпына қарай - қысаң, ерін қатысына қарай - езу, жасалу орнына қарай - тіл ортасы дыбыс.
Жасалым белгілері: қысаң, езу, тіл ортасы дауысты дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:58.
|
|