Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[D] (Д) дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Д дауысссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шекарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Д дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, тоғысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс .
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009. -Б.: 83.