Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[Ǵ] (Ғ) дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. Ғ дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалады (сөз ортасында жуысыңқы жасалады). Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы (жуысыңқы) дауыссыз дыбыс болып табылады. Ғ дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң дауыссыз дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.-Б.:83.