Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[B] (Б) дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай ерін - ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. Б дауыссыз дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай: тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Б дауыссыз қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: ерін - ерінді, тоғысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс.

1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.-Б.:82.