Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[Á] (Ә) дыбысы жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалды. Тілдің тік қалпына қарай ашық дауысты дыбыс болып табылады. Ә дыбысын айтқанда ерін бейтарап қалады. Еріннің қатысына қарай езу дауысты болып табылады. Ә дыбысының айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты тілдің тік қалпына қарай - ашық, ерін қатысына қарай - езу, жасалу орнына қарай - тіл ортасы дыбыс.
Жасалым белгілері: ашық, езу, тіл ортасы дауысты дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:54.