Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Фонетикалық сипаттама

Жаттығулар


[А] дыбысы жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады, Тілдің тік қалпына қарай ашық дауысты дыбыс болып табылады. А дыбысын айтқанда ерін бейтарап қалады. Еріннің қатысына қарай езу дауысты дыбыс болып табылады. А дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты тілдің тік қалпына қарай - ашық, ерін қатысына қарай - езу, жасалу орнына қарай - тіл арты дыбыс.
Жасалым белгілері: ашық, езу, тіл арты дауысты дыбыс.
1. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. -Алматы: Арыс, 2009.- Б.:54.