Цифрлық әліппе

«Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Құрметті «Цифрлық әліппе» қонағы!

        Жаңа қазақ әліпбиін практикалық тұрғыдан меңгеруге көмек бере алатын бірегей оқу-ақпараттық жобамызға қош келдіңіз!

        Cайт парақшаларынан қазақ тілінің жазу тарихы, латын таңбасын таңдау себептері жайында қысқаша ақпарат алып, бірқатар бейнероликтерді тіркеусіз тамашалай аласыз.

        Сайттың басты ерекшелігі – жаңа қазақ әліпбиін меңгертуге арналған жедел жаттығулар мен тыңдалым, лексика-грамматика және оқылым-жазылым бағыттарындағы тест тапсырмалары арқылы кез-келген азаматты жаңа таңбамызды жазуға дағдыландыру және сертификаттау болғандықтан, сайт мәзіріне сәйкес қолданушы міндетті түрде тіркелуі тиіс.

        Құрметті қолданушы! Сайттың «пікірлер» бөлігінде өз ұсынысыңызды жазып, жеке пікіріңізді білдіру мүмкіндігі бар екендігін ескертеміз.

        Мәзір тармақтарын (батырмаларын) таңдай отырып жаңа қазақ әліпбиін меңгеруде жоғары табыстарға жететіндеріңізге үлкен сенім білдіреміз. Ісіңіз сәтті болғай!

 

Сайт мәзірі:

  • Тіркелу (міндетті түрде)
  • Ақпараттық-танымдық бөлігі
  • Оқу-жаттықтыру бөлігі
  1. Әліппемен танысу және меңгеру жаттығуларын орындау
  2. Интерактивті (жедел) жаттығуларды орындау (міндетті түрде). Тестке өту үшін төрт бағыттағы интерактивті жаттығулардың әр қайсысының 5-еуі қатесіз орындалса жеткілікті саналады.
  3. Тест тапсырмаларын орындау (міндетті түрде). Нәтижесінде әр қайсысынан 20 ұпай, барлығы 60 ұпай иелене алады.